Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1. Паралипоменон
Параллельные места
Сонымен Һаронның ұрпақтарына Хеброн қаласы табысталды. Хеброн абайсызда кісі өлтіріп алғандар бас сауғалайтын қала болатын. Һаронның ұрпақтарына мұнан басқа Либна, Ятир, Ештемоға, Хилен, Дебир, Ашан, Юта, Бет-Шәміш қалалары да жайылымдарымен қоса табысталды. Бунямин руынан оларға (Гибеон әрі) Геба, Алемет, Анатот қалалары жайылымдарымен қоса берілді. Һаронның ұрпақтарына әулеттеріне қарай берілген осы қалалардың жалпы саны он үш болды.
Выбор основного перевода