Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1. Паралипоменон
Параллельные места
Сонда Яһуда Тамарға: «Кенже ұлым Шелах үлкейгенше әкеңнің үйінде жесір болып отыра тұр», — деді. Ал шынында ол Шелах та ағалары сияқты өліп қалмай ма деп уайымдап, келінін алдамақ болды. Сонымен Тамар әкесінің үйіне қайтып барып, сонда тұрып қалды. Яһуда:— Қандай кепілдік беруім керек? — деп сұрағанда әйел:— Мөріңізді, бауыңызды, қолыңыздағы таяғыңызды, — деп талап етті.Яһуда оған сұрағандарын берді. Онымен болып шыққаннан кейін Тамар жүкті болды. Бірақ ол қолын қайта тартып алып, оның сыңары бірінші болып туды. Босандырушы әйел таңғалып: «Сен қалайша бұзып-жарып бірінші боп шықтың?» — деді. Сондықтан оған Парес («Бұзып-жарушы») деген ат қойды. Одан кейін қолына қызыл жіп байланған інісі де туды. Оны Зарах («Қызыл», «Таң шапағы») деп атады. Тамар ата-тегіміз Яһудаға Паресті туып беріп, үлкен әулетті таратқандай, Жаратқан Ие осы жас әйелден сыйлайтын ұрпақтарың арқылы сені де үбірлі-шүбірлі қыла көрсін! — деп баталарын берді. ал Яһудадан Парес пен Зарах туды, олардың анасы Тамар болатын. Парестен Хесрон, Хесроннан Рам,
Выбор основного перевода