Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1. Паралипоменон
Параллельные места
Сонда Рахила: «Құдай құқығымды қорғап, төрелік етті. Ол өтінішіме құлақ асып, маған ұл сыйлады», — деді де, баланы Дан («Төреші») деп атады. Сонда Рахила: «Мен әпкеммен жүргізген зор тартысымда оны жеңіп шығудамын», — деп, оған Нафталим («Тартысым») деген есім берді. Зилпа да Жақыпқа ұл туып берді. Сонда Лия: «Бұл не деген бақыт!» — деді де, оны Ғад («Бақыт») деп атады. Кейін Лияның күңі Зилпа Жақыпқа екінші ұлын туды. Сонда Лия: «Мен қандай қуанышқа кенелдім! Барлық әйелдер мені қуанышты деп атайтын болады», — деп, балаға Ашир («Қуанышты») деген ат қойды. Ақырында Құдай Рахиланы мейірімділікпен есіне түсіріп, тілегіне құлақ асып, оған да ана болу бақытын сыйлады. Рахила ұл туып: «Құдай мені масқаралықтан құтқарды», — деді. Баласына Жүсіп («Қосып берсін») деген ат қойып: «Жаратқан Ие маған тағы бір ұлды қосып берсін!» — деді. Рахила хал үстінде жатып, соңғы демін шығарарда, баланы Бенони («Бәлемнің ұлы») деп атады. Бірақ әкесі Жақып оған Бунямин («Бақыт ұлы») деген ат қойды. Рахиладан туған ұлдары: Жүсіп пен Бунямин. Рахиланың күңі Балхадан туған ұлдары: Дан мен Нафталим. Лияның күңі Зилпадан туған ұлдары: Ғад пен Ашир.Жақыптың солтүстік Месопотамияда туған ұлдары осылар болды. Осы жерде ол Шуа деген қанахандықтың қызымен кездесіп, оған үйленді. Содан әйелі бала көтеріп, ұл туды. Яһуда оның атын Ер деп қойды. Әйелі тағы да ұл туып, оған Онан деген есім берді. Мұнан кейін де әйелі ұлды болып, оны Шелах деп атады. Ол туғанда Яһуда Хезіб қаласында болатын. Тұңғышы Ер есейіп, Яһуда оған әйел алып берді, оның аты Тамар еді. Бірақ Ердің мінез-құлқы Жаратқан Иеге жек көрінішті болғандықтан, Жаратқан Ие оның өмірін қысқа қылды. Сонда Яһуда Онанға: «Жеңгеңе әмеңгер болып үйлен. Осылай ағаң марқұмның үрім-бұтағын жалғастыр», — деді. Ал Онан Тамардан туатын балалары өз ұрпағы болып саналмайтынын білгендіктен, онымен жақындасқанда ағасынан ұрпақ қалдырмау үшін шәуетін төгіп тастап отырды. Онанның бұл қылығын Жаратқан Ие жек көріп, оның да өмірін қысқа қылды.
Выбор основного перевода