Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1. Паралипоменон
Параллельные места
Жаратқан Ие — Патша, Ол билік жүргізуде,Ұлылыққа бөленіп, кенелген құдіретке.Орнынан қозғалмастай берік орнатылған әлем, Жаратқан Ие патшалық құрады,Қуанып шаттансын бүкіл жер шары,Көп аралдар әрі теңіз жағалары! Жаратқан Иеміз патшалық құрады,Керубтер арасындағы «тағында» отырады.Халықтар Оны қастерлеп қалшылдасын,Жер де Тәңір Иеден қорқып шайқалсын! Ей, аспан, шаттана шырқап, жер де, қатты қуанып, тау-төбелер де, шуылдап мақтау айтыңдар! Жаратқан Ие өз халқын жұбатып, азап шеккендеріне жаны ашып мейірім танытады. Жетінші періште кернейін тартқанда, көктен: «Әлемді басқару билігі Жаратқан Иеміздікі және Оның тағайындаған Патшасы Мәсіхтікі! Ол мәңгілік билік жүргізетін болады!» — деген қатты дауыстар шықты. «Уа, бүкіл әлемнің Билеушісі — әрдайым бар және мәңгі болып келген Құдай Ие! Сен ұлы құдіретіңді қолыңа алып, Патшалық құра бастадың, соған ризашылығымызды білдіреміз.
Выбор основного перевода