Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1. Паралипоменон
Параллельные места
— Мен араларыңызда жүрген жат жұрттық кірмемін. Үйде жатқан марқұм әйелімді жерлеуге ешқандай меншікті жерім жоқ. Маған зират үшін бір жер танабын сатсаңыздар екен, — деп өтінді. Ал Жақып Шимон мен Леуіге қатты наразыланып:— Сендер мені осы жерде тұрған қанахандықтар мен перездіктерге жек көрінішті қылып, бақытсыздыққа итермеледіңдер. Мендегі адамдар азғана. Әлгілер жиналып қарсы шығып, мені жеңіп, үй ішіммен жоқ қылар, — деп сөкті. Жаратқан Иенің сендерді сүйіп, таңдап алғанының себебі сендердің басқа халықтардан үлкен болғандықтарыңнан емес! Шынында сендер барлық халықтардың ішіндегі ең азы едіңдер. Уәде етілген елде ол жат жұрттық келімсек болып, Тәңір Иеге сеніп өмір сүрді. Сондай уәдені алған Ысқақ пен Жақып та Ыбырайым сияқты көшіп-қонып, шатырларда тұрып жатты.
Выбор основного перевода