Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1. Паралипоменон
Параллельные места
Сонда Жаратқан Иенің Рухы Гедеонға қонып, бойын биледі. Гедеон дабыл беріп кернейін тартқанда, Әбиезерден тараған әулет жиналып, оның соңынан ерді. Абессалом Жоғабтың орнына Амасаны әскер қолбасшысы етіп тағайындаған болатын. Амасаның шешесі Әбигел Нахаштың қызы және Жоғабтың шешесі Сарұяның сіңлісі еді. Амасаның әкесі Етер есімді ізрелдік болатын. Сонымен Дәуіттің батырларының тізімі мынау:Ахамани ұлы Яшобам, ол Үш батырдың басшысы болды. Бір шайқаста ол үш жүз жау сарбазын сүңгісімен түйреп өлтірген еді. Құдайдың Рухы Еходай ұлы Зәкәрия атты діни қызметкерге де қонды. Зәкәрия бүкіл халықтың алдына шығып, былай деді: «Құдай мынаны айтады: Сендер неге Жаратқан Иенің өсиеттерін бұза бересіңдер? Бұларыңмен табысқа жетпейсіңдер! Сендер Жаратқан Иеден бас тарттыңдар, енді Ол да сендерден бас тартатын болады!»
Выбор основного перевода