Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1. Паралипоменон
Параллельные места
Осылайша Дәуіт пен оның жанында жүрген алты жүз адам жолға жиналып, Ғаттың патшасы Мағох ұлы Анхұсқа қарай өтіп кетті. Олар Ғат қаласына Анхұстың жанына орналасты. Әрқайсысы өзінің отбасын ала келген еді. Дәуіттің екі әйелі: ізрелдік Ахиноғам мен Набалдың жесірі кәрмелдік Әбигел де қасында болды. Дәуіттің Ғатқа қашып кеткенін Саул да біліп, оны енді қайтып іздемейтін болды. Дәуіт Анхұстан: «Тақсыр, рақым етіп, бізге далалы жерде қоныстануға бір қалашықты беруге бұйыра көріңіз. Біз осында патшаның қаласында тұрып, сіздерді әуреге салмай-ақ қояйық», — деп өтінді. Анхұс оған тұруға Сикеләгті берді. Сол кезден бастап қазірге дейін осы қала Яһуда патшасының қарамағында болып келеді.
Выбор основного перевода