Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1. Паралипоменон
Параллельные места
Исраил халқын билейтін патша шықпай тұрғанда, Едом жерінде билік құрған патшалар мыналар: Беғор ұлы Бела Едомға патшалық құрды, тұрған қаласының аты Динхаба болатын. Бела дүние салғанда орнына Босорадағы Зарах ұлы Жобаб патша болды. Ол дүние салғанда орнына темандықтардың елінен келген Хушам патша болды. Хушам дүние салғанда Бедад ұлы Хадад патшалық құрды. Ол Моаб даласында мадияндықтарды жеңіп шықты. Хушамның тұрған қаласының аты Ауит болатын. Хадад дүние салғанда Масректен келген Самла патшалық құрды. Самла дүние салғанда Евфрат өзенінің бойында орналасқан Рехоботтан келген Саул патша болды. Саул дүние салғанда Ахбор ұлы Бағал-Ханан патша болды. Ахбор ұлы Бағал-Ханан дүние салғанда Хадар патшалық құрды. Оның тұрған қаласының аты Пау болатын. Әйелі Мехетабелдің шешесі Матред, ал нағашы әжесі Месахаб еді. Төмендегілер руларына, тұрған мекендеріне, өздеріне қойылған аттарына қарай бөлінген Есаудан тараған рубасылар: Тимна, Алуа, Етет, Охолибама, Ела, Пинон, Кеназ, Теман, Мипсар Магдиел, Ирам. Бұлар Едомнан шыққан, атамекендеріне қарай бөлінген рубасылар.Едомдықтардың түп атасы Есаудың үрім-бұтағы туралы деректер осылар.
1. Паралипоменон
Выбор основного перевода