Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1. Паралипоменон
Параллельные места
Мынау Шамнан тараған ұрпақтардың шежіресі.Топан судан кейін екі жыл өткенде Шам жүзге толып, ұлы Арпақсат дүниеге келді. Сонан соң ол тағы бес жүз жыл өмір сүріп, басқа да ұл-қыздары болды. Арпақсат отыз беске келгенде одан Шелах туды. Шелах туған соң, Арпақсат төрт жүз үш жыл өмір сүріп, басқа да ұл-қыздарға әке болды. Шелах отызға келгенде одан Ебер дүниеге келді. Ебер туғаннан кейін де Шелах тағы төрт жүз үш жыл өмір сүріп, басқа да ұл-қыздарға әке болды. Ебер отыз төрт жасқа келгенде одан Пелек туды. Пелек туғаннан кейін де Ебер төрт жүз отыз жыл өмір сүріп, тағы да ұл-қызды болды. Пелек отыз жасқа келгенде одан Рәгу туды. Рәгу туған соң, Пелек екі жүз тоғыз жыл өмір сүріп, басқа да ұл-қыздарды дүниеге келтірді. Рәгу отыз екі жасқа келгенде одан Серук туды. Серук туған соң, Рәгу екі жүз жеті жыл өмір сүріп, басқа да ұл-қыздарға әке болды. Серук отыз жасқа толғанда ұлы Нахор туды. Нахор туған соң, Серук екі жүз жыл өмір сүріп, басқа да ұл-қыздары дүниеге келді. Нахор жиырма тоғыз жасқа келгенде одан Тарах туды. Тарах туған соң, Нахор жүз он тоғыз жыл өмір сүріп, басқа да ұл-қыздарды дүниеге келтірді. Тарах жетпіс жасқа толғаннан кейін, одан Ыбырам, Нахор, Харан дүниеге келді. Шимон оларға батасын беріп, Мәриямға былай деді: «Осы Бала Исраилдегі көп адамдардың сүрініп, құлауына, ал басқалардың жоғарылауына себепші болады. Ол Құдайдың еркін білдіріп, көбі Оған қарсы шығады. Сонда жүрек түкпірлеріндегі ой-ниеттері білініп қалады. Ал, Мәриям, сенің жаның жүрегіңді қылышпен тілгілегендей қатты ауыратын болады». Осы жерде Ашир руынан шыққан Фануел қызы Анна пайғамбар да бар еді. Ол кезінде күйеуге шығып, онымен жеті жыл отасқан, ал енді жасы ұлғайған қарт адам болатын.
1. Паралипоменон
Выбор основного перевода