Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1. Тимофею
1 2 3 4 5 6
Параллельные места
Кімде жігерлендіруші дарын болса, сонысын орындай берсін, мұқтаждарға жәрдем үлестіруші де онысын ақпейілмен атқарсын. Жетекшілік етіп жүргендер шынайы еңбекқорлық көрсетсін және қайырымдылық жасайтындар оны қуанышпен істесін. Оның мұқтаждыққа душар болған адамдарына көмектесіп, ынтамен қонақжайлылық танытыңдар! Олардың жасаған игі істері белгілі болулары керек, мысалы, балаларын тәрбиелеуі, қонақжайлылық танытуы, Құдайдың адамдарына қарапайым қызмет көрсетуі, бейшараларға көмектесуі, игілікті іс атаулының бәріне де өздерін арнауы. Бұл айтқандарым нағыз шындық. Құдайға сенгендердің өздерін жақсылық жасауға арнаулары үшін бұларды баса айтуыңды қалаймын. Олар адамдарға ізгілікті де пайдалы. Сондай-ақ, қолдағы игіліктеріңмен өзара бөлісіп жақсылық жасауды ұмытпаңдар! Мұндай құрбандықтарға да Құдай риза.
1. Тимофею
1 2 3 4 5 6
Выбор основного перевода