Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1. Петра
1 2 3 4 5
Параллельные места
Жаратқан Иенің азат еткен халқыСионға ән шырқап қайтып келеді,Олар ұдайы мәз-мейрам болады,Қуаныш пен шаттыққа кенеледі,Қайғы-қасірет, күрсіну атаулыБастарынан бірден алыстап кетеді! Мен бұлар үшін ғана емес, олардың айтқандары арқылы Маған сенетін барлық адамдар үшін де өтініп тұрмын. Иса:— Тома, сен Мені көргендіктен Маған сеніп тұрсың. Ал Мені көрмесе де сенетіндер бақытты! — деп жауап берді. Ал біз көргенімізбен емес, сенімімізбен өмір сүреміз. Енді мені «жеңімпаздың жүлдесі» — «әділдіктің тәжі» күтіп тұр, оны маған сол күні әділ Төреші — Иеміз бермек. Ол тек маған ғана емес, Оның қайта оралып, анық көрінуін сүйіспеншілікпен күткендердің бәріне де сол «жүлдені» сыйлайды. Біреу «Құдайды сүйемін» дей тұра, бауырын жек көрсе, оның өтірікші болғаны. Себебі көз алдындағы бауырын сүймейтін кісі көзге көрінбейтін Құдайды қалай сүйе алады?
1. Петра
1 2 3 4 5
Выбор основного перевода