Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1. Петра
1 2 3 4 5
Параллельные места
О, Құдайым, Құдайым менің!Неліктен мені жалғыз қалдырдың?Айқайлаған даусыма құлақ салмайсың,Мені құтқарудан неге алшақсың? Құдайым, күндіз шақырсам, жауап қатпайсың,Түнде де айқайлап, тыным таппаймын. Бірақ Сен киелісің, Исраил халқыңСені мадақтайтын тағыңда отырасың. Ата-бабамыз Өзіңе иланып жүрді,Сөзіңе сенді, Сен де азат еттің. Саған сиынып, олар құтқарылды,Өзіңе сеніп ұятқа қалмады. Ал мен адам емес, құрт іспетті қуатсызбын,Жұрт ұрсып, елемейді мені халқым, Көргендердің бәрі келекелейді,Басын шайқап, балағаттап былай дейді: «Ол Жаратқанға үмітін артқан екен,Сол оны аман қалдырсын пәледен!Жаратқан Ие разы болса оған,Құтқарып алсын оны қиындықтан!» Ал мені ана құрсағынан Сен шығардың,Жас кезімнен Өзіңе иландырдың, Туғаннан-ақ қолдауыңа мұқтажбын,Өмір бойы Сенсің Құдайым менің, Енді алыстай көрме менен Өзің.Себебі азап-бейнет қалды таяп,Қол ұшын берерім жоқ мені аяп. Сүзеген бұқадай жау алды қоршап,Башандық бұқадай жан-жақтан қыспақтап, Ақырған арыстандай жемге құмартып,Аранын ашады, маған қарсы шығып. Күшім судай төгіліп, таусылды құрғап,Сүйектерім буынынан қалды босап.Кеудемде жүрегім балауыз құсапӘбден балқып, елжіреп кетті босап. Қыш құмыраның сынығына ұқсапКүшімнен айырылып қалдым қурап,Тілім қалды таңдайыма жабысып,Өлім топырағына бердің мені қиып! Төбеттердей жан-жақтан қыспақтадыСол жауыздар, лек-легімен қоршап алды,Аяқ-қолымды түйреп жаралады! Сүйектерімді шыға алам санап,Ал халық тұр маған қадала қарап. Жау жамылғымды бөлісіп алады,Киімім үшін жеребе салады. Уа, Ием, Сен менен алшақтай көрме,Күшім менің, тез келе гөр көмекке, Өмірімді аман сақтап семсерден,Құтқара гөр «төбеттердің» күшінен! Құлақ сап, құтқара гөр «арыстанныңАраны» мен «мүйізінен бұқаның». Атыңды бауырларыма білдіремін,Қауым жиынында Сені дәріптеймін: «Ей, Жаратқанды терең қастерлейтіндер,Оны әрдайым мадақтай беріңдер!Ей, Жақыптың бүкіл үрім-бұтағы,Жаратқанды ұдайы дәріптеңдер,Иә, Исраилдің бар ұрпақтары,Иемізді құрметтей беріңдер! Жарлының азабынан Ол жиренген жоқ,Құдай бет-жүзін одан жасырған жоқ,Қайта, құлақ салды шақырған даусына». Сені мадақтаймын үлкен жиында,Уәдемді орындап халқыңның алдында, Жарлылар мейрамдап, тойынады да.Құдайға сиынғандар мақтау айтсын —Лайым жандарың аман-есен болсын! Жер шетіндегілер де мұны ескереді,Жаратқан Иеге бет бұрып дұға етеді,Бар ұлттардың әулеттері бас иеді, Себебі билік Жаратқанның қолында,Ұлттардың Иесі Сол болып қалады да! Жердің бар байлары тойына қатыспақ,Жаратқанның аяғына жығылып сиынбақ,О дүниеге аттанатын жандар —Өмірі өткінші бүкіл адамдарОның алдында тізерлеп иілмек. Келер ұрпақтар Оған қызмет етпек,Барлығы Иеміз туралы естімек, Содан Оның әділдігін дәріптеп,Жаңа туған халыққа да паш етпек.Себебі Құдай мұны бітірді Өзі істеп. Мәсіх Өзінің салтанатты ұлылығына енуінен бұрын осындай азаптарды көруге тиіс емес пе еді?! — деп, Сол кезде мен, Даниял, Киелі жазбаларды оқып жатқанда Жаратқан Иенің Еремия пайғамбарға жеткізген хабарынан Иерусалимнің қаңырап бос қалуының жетпіс жылға созылуға тиіс екенін ұқтым. Сен жалбарына бастаған кезде-ақ жауап берілген еді. Қазір соны саған жеткізуге келіп отырмын, себебі сен Құдайға өте ұнамдысың. Сондықтан мынаған көңіліңді бөліп, көріністің мағынасын ұғып ал: Сендердің әділетсіз істеріңді тоқтатып, күнә жасауларыңды қойдырып, өздеріңді зұлымдықтың арамдығынан тазарту үшін, әрі мәңгілік әділдікті әкеліп, аяндар мен пайғамбарлық сөздерді бекітіп, киелі үйдегі ең қасиетті бөлімді қайтадан Құдайға бағыштау үшін сенің халқыңа және Құдайға бағышталған Иерусалим қаласына жетпіс рет «жеті кезең» белгіленген. Араларыңдағы қауым жетекшілері! Мен өзім де сендермен қызметтес қауым жетекшісімін, Мәсіхтің шеккен азаптарының куәсімін. Ол қайта оралғанда ашық көрінетін салтанатты ұлылығын бөлісетін де боламын. Сендерге ескертетінім мынау: Мен (аң-таң болып) аяғына жығылып, бас ұрмақ едім. Бірақ ол маған: «Олай жасама! Мен өзіңмен және Исаның шынайы хабарын ұстанатын бауырластарыңмен бірге қызмет етушімін. Қайта, Құдайға бас ұрып ғибадат ет!» — деді. Себебі Исаның шынайы хабарын жеткізу — пайғамбарлық сөз айтудың нағыз мәнісі.
1. Петра
1 2 3 4 5
Выбор основного перевода