Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16
Параллельные места
Бірақ Иса «киелі үй» дегенде Өзінің денесі туралы айтқан еді. Бәрі Киелі Рухқа кенеліп, Оның өздеріне берген дарынына қарай бөтен тілдерде сөйлей бастады. Ешқайсымыз тек өзіміз үшін ғана өмір сүрмейміз де, өлмейміз де. Себебі өмір сүрсек, Иемізді даңқтау үшін өмір сүреміз, ал өлсек, Иемізді даңқтау үшін өлеміз. Сонымен өмір сүрсек те, өлсек те, Иеміздің меншігіміз. Сендер өздеріңнің «Құдайдың киелі үйі» екендіктеріңді және Құдайдың Рухы өздеріңде тұратынын білмейсіңдер ме? Құдайдың киелі үйі мен жалған тәңірлер арасында қандай келісімнің болуы мүмкін? Себебі біздер мәңгі тірі Құдайдың «киелі үйіміз». Құдайдың Өзі мынадай сөздер айтқан: «Мен орталарында тұрып, араларында жүретін боламын. Мен олардың Құдайы, ал олар Менің халқым болады».
Выбор основного перевода