Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16
Параллельные места
Бауырластарым, бұған дейін мен Аполлос екеуіміз туралы осы нәрселерді сендерге мысал ретінде айттым. Сендердің бізден үлгі алып, «Киелі жазбаларда айтылғандардан артыққа бармау керек» деген қағиданың мәнін ұғынғандарың игі. Сонда сендер жетекшілердің біреуін екіншісінен жоғарылатып, мақтанбайсыңдар. Мені келмейді деп, кейбіреулеріңе көкірек бітіпті. Тек Титтің келуі ғана емес, сондай-ақ, сендердің оны жігерлендіргендерің туралы айтып бергендері де көңілімізді орнықтырды. Тит өздеріңнің бізді аңсап-сағынып, опық жеп жылап, мен үшін ынталана құлшыныс жасағандарың жайында хабар әкелді. Бұған одан бетер қуандым. Құдайдың еркімен болған қайғыларыңнан өздеріңде не туындағанын қараңдаршы: қандай ынта-жігер, күнәдан арылуға деген неткен ұмтылыс, болған жайтқа не қылған наразылық пен абыржу, неткен сағыныш, бәрін түзетуге деген соншама құлшыныс, қандай әділ жаза! Осының бәрімен сендер бұл істе кінәратсыз таза екендіктеріңді дәлелдедіңдер.
Выбор основного перевода