Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1. Коринфянам
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16
Параллельные места
Сол жерде ол Ақила есімді понттық яһудиге тап болды. Ол әйелі Прискиламен жақында Италиядан келген екен. Себебі Клауди патша барлық яһудилердің Рим қаласынан кетуін бұйырған еді. Пауыл ерлі-зайыпты екеуімен кездесуге барды. Пауыл тағы едәуір күн Қорынтта аялдағаннан кейін бауырластарымен қоштасып, (жақын маңдағы) Кеніхрея қаласына барды. Сонда ол Құдай алдында ант бергендіктен шашын алғызып тастады. Мұнан кейін Прискила мен Ақиланы ертіп кемемен Сирияға қарай жүріп кетті. Мәсіх Исаның қызметіндегі әріптестерім Прискила мен Ақилаға сәлем айтыңдар. Азия өлкесінде Мәсіх жолына түскен алғашқылардың бірі болған сүйікті Епенетке де сәлем. Құдайдың еркімен Мәсіх Исаның елшісі болған Пауылдан және бауырласымыз Тімотеден Құдайдың Қорынттағы қауымына және Оның бүкіл Ахая аймағындағы барлық адамдарына дұғай сәлем! Прискила мен Ақилаға, сондай-ақ Онисыфордың үй ішіне сәлем айт. Жоханнан Азия аймағындағы жеті қауымға дұғай сәлем: әрдайым бар, мәңгі болып келген және болашақта келетін (Құдай Ие), Оның тағының алдындағы жеті Рухы Сол дауыс былай деді: «Көргендеріңді шиыршық кітапқа жазып, мына жеті қаладағы сенушілер қауымдарына салып жібер: Ефес, Ізмір, Перғам, Тиятир, Сард, Філаделфи және Лаудіки».
1. Коринфянам
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16
Выбор основного перевода