Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1. Коринфянам
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16
Параллельные места
Бірақ Анани:— Уа, Ием, мен талайлардан осы кісінің Иерусалимде Саған бағышталған адамдарыңа соншама көп жамандық істегені туралы хабар алдым. Сондықтан Иеміздің жолын қуушылар әрқайсысы өзінің шамасы келгенше Яһудея аймағындағы бауырластарына жәрдем жіберуге шешім қабылдады. Киелі Рух Пауылға және оның жолдастарына Азия аймағында уағыздауға тыйым салғандықтан, олар Фрүгия және Ғалатия аймақтарын аралай жүрді. Оның мұқтаждыққа душар болған адамдарына көмектесіп, ынтамен қонақжайлылық танытыңдар! Ал енді, қымбатты бауырластар, сендерді Құдайдың Македониядағы қауымдарға рақымын төккені туралы да хабардар еткіміз келеді. Иеміз Иса Мәсіхтің рақымдылығын жақсы білесіңдер: Ол сондай бай бола тұра, сендердің рухани баюларың үшін бәрінен бас тартып, жоқшылыққа ұшырады! Ғалатия өлкесіндегі сенушілер қауымдарына Пауыл елшіден және қасымдағы барлық бауырластардан дұғай сәлем. Ал мені елшілікке тағайындаған — адам баласы емес, Иса Мәсіх және Оны өлімнен қайта тірілтіп алған Құдай Әкеміз. Олар бізден тек қана мұқтаж сенушілерге көмектесуді ұмытпауымызды өтінді. Ал мен дәл осыны істеуге зор ынтамен ұмтылып келемін.
1. Коринфянам
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16
Выбор основного перевода