Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16
Параллельные места
«Қайтып барып, халқымның көсемі Езекияға былай де: Түп атаң Дәуіттің Құдайы Жаратқан Ие саған мынаны айтады: Сенің мінажатыңды естіп, көз жасыңды көрдім. Біліп қой, Мен сені ауруыңнан сауықтырамын. Үшінші күні Жаратқан Иенің киелі үйіне көтеріліп бара алатын боласың. Ықылас-ниетім әрдайым Иемде,Оң жағымда Ол маған жар боп келеді:Жағдайым шайқалмайды ешбір кезде. Содан жүрегім шаттыққа толады,Мәз-мейрам болып тілімнен бал тамады,Саған сенгенімнен тәнім тыншиды. Сен жанымды о дүниеге қимайсың,Қасиетті адамыңның тәнін шірітпейсің. «Сені біраз уақытқа тастап кетіп едім, бірақ зор сүйіспеншілікпен Өзіме қайтарып алып келемін. Екі күннен кейін Ол бізге жан бітіріп, үшінші күні қайта тұрғызады. Сонда біз Оның көз алдында өмір сүретін боламыз.
Выбор основного перевода