Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16
Параллельные места
Ал адамдардың бәрінің жасырын істері мен ойларына үкімді Құдай қиямет соты күні Иса Мәсіх арқылы шығарады. Мен уағыздап жүрген Ізгі хабар осыны білдіреді. Құдайдың осы рақымына бізге Иса Мәсіхтің арқасында, сенім арқылы жол ашылды. Енді Құдайдың рақымына бөленіп, салтанатты ұлылығын көреміз деген үмітімізге қатты шаттанамыз! Мәсіх туралы Ізгі хабарды уағыздау үшін Троадаға келген кезімде Иеміздің маған Өзінің жұмысы үшін есік ашып қойғанын көрдім. Бауырластар, сендерге мынаны білдіргім келеді: мен уағыздаған Ізгі хабар адам ойынан шыққан емес! Оны ешбір адамнан не қабылдаған, не үйренген емеспін, Иса Мәсіхтің тікелей білдіруімен қабылдадым.
Выбор основного перевода