Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16
Параллельные места
Бәрі Киелі Рухқа кенеліп, Оның өздеріне берген дарынына қарай бөтен тілдерде сөйлей бастады. Себебі олар солардың түрлі тілдерде сөйлеп, Құдайды мадақтап тұрғандарын естіді. Сонда Петір: Ол біреуге кереметтер жасауды, өзгесіне Құдайдың хабарын жеткізуді, ал басқа біреуіне рухтардың түрлерін ажырата білуді, келесіге түрлі бөтен тілдерде сөйлеуді, ал тағы біреуге соларды түсіндіруді сыйлайды. Құдай қауымда кейбіреулерді, біріншіден, елшілер, екіншіден, Өзінің хабарын жеткізушілер, үшіншіден, тәлім берушілер етіп қойды; Ол, сондай-ақ, кейбіреулерге кереметтер жасайтын құдірет, әрі ауруларды сауықтыратын, көмек көрсететін, ұйымдастырып басқаратын және түрлі бөтен тілдерде сөйлейтін дарындар да сыйлады. Барлығының ауруларды сауықтыратын дарыны бар ма? Бәрі де бөтен тілдерде сөйлеп, немесе айтылғандарды түсіндіріп жүр ме? Жоқ. Мен адамдардың түрлі тілдеріндеЖәне періштелердің тілдеріндеЖатық та мүдірмей сөйлей білсем де,Бірақ егер сүйіспеншілігім болмаса,Сөздерім сыңғырлаған қоңырауғаӘрі шылдырлаған асатаяққаҰқсап мәнсіз боп қалады сонда.
Выбор основного перевода