Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16
Параллельные места
Ал Мұса оған:— Сен менің қамымды жейсің бе? Жаратқан Ие өз халқының бәріне де Өзінің Рухын қондырып, олардың барлығының да пайғамбар болып кетуін тілеймін, — деп жауап қайырды. Енді рухани дарындарға тоқталайын, қымбатты бауырластар, сендердің бұларды дұрыс түсінбегендеріңді қаламаймын. Ол біреуге кереметтер жасауды, өзгесіне Құдайдың хабарын жеткізуді, ал басқа біреуіне рухтардың түрлерін ажырата білуді, келесіге түрлі бөтен тілдерде сөйлеуді, ал тағы біреуге соларды түсіндіруді сыйлайды. Ал сендер бәрің де ең пайдалы дарындарға ие болуға ұмтылыңдар!Енді мен барлығынан да асып түсетін жолды көрсетемін: Мен Құдайдың хабарларын жеткізсем,Күллі құпия-сырларды да білсем,Әр түрлі білімді иемденсем,Тау қозғайтындай сенімге кенелсем,Бірақ егер сүйіспеншілігім болмаса,Түкке де тұрмаймын мен онда. Бәрін де сүйіспеншілікпен істеңдер!
Выбор основного перевода