Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5
Параллельные места
Сендер ұстанған Таурат заңында екі адамның куәлігінің жарамдылығы туралы жазылған ғой. Әрине, адамдарды Құдайдың заңына қарсы тұрғызатын құпия күштер қазірдің өзінде әрекет етуде! Бірақ соларды ашық шығармай, ұстап тұрған қасиетті күшті алдымен Құдай алып тастауы керек. Балаларым менің, қазіргі уақыт — осы заманның соңғы дәуірі. Сендер Мәсіхке қарсы шығатын біреу келеді деп естідіңдер, ал қазірдің өзінде де Мәсіхке қарсы шығатын адамдар көп. Біз осыдан-ақ соңғы дәуірдің келгенін біле аламыз. Исаның Құдай жіберген Мәсіх екендігін мойындамайтын әркім — өтірікші. Көктегі Әкені және Оның рухани Ұлын мойындамайтындар — Мәсіхке қарсы шығушылар. Дүниеге көптеген азғырушылар келе жатыр. Олар Иса Мәсіхтің жер бетіне адам бейнесінде келгенін мойындамайды. Азғырушыларды және Мәсіхке қарсы шығушыларды осыдан білуге болады.
Выбор основного перевода