Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5
Параллельные места
Жалған пайғамбарлардан сақтанып жүріңдер! Олар сендерге қой терісін жамылып келеді, бірақ шынында олар — жыртқыш қасқырлар. Иса былай деп жауап берді:— Сақ болыңдар, ешкім сендерді алдап, теріс жолға түсірмесін! алайда бәрін де тексеріп сынаңдар! Жақсысын ғана қабылдап, берік ұстаныңдар! Алайда сол заманда Құдай халқының арасында жалған пайғамбарлар да пайда болды. Дәл солай сендердің араларыңда да жалған тәлім берушілер болмақ. Олар жік салғыш зиянды ілімдерді жасырын енгізеді; тіпті өздерінің күнәларының құнын өтеп жанын құрбан еткен Әміршісі Мәсіхті де мойындамайды! Сондықтан олар бастарына кенеттен түсетін жойылуды өздері шақырып алады. Балаларым менің, қазіргі уақыт — осы заманның соңғы дәуірі. Сендер Мәсіхке қарсы шығатын біреу келеді деп естідіңдер, ал қазірдің өзінде де Мәсіхке қарсы шығатын адамдар көп. Біз осыдан-ақ соңғы дәуірдің келгенін біле аламыз. Дүниеге көптеген азғырушылар келе жатыр. Олар Иса Мәсіхтің жер бетіне адам бейнесінде келгенін мойындамайды. Азғырушыларды және Мәсіхке қарсы шығушыларды осыдан білуге болады.
Выбор основного перевода