Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5
Параллельные места
Мені Таурат заңы мен Пайғамбарлар жазбаларының күшін жою үшін келді деп ойламаңдар: Мен оларды жою үшін емес, қайта, толық мағынасында жүзеге асыру үшін келдім. Сендерге бір жаңа өсиет айтамын: біріңді-бірің жақсы көріңдер! Мен өздеріңді сүйгендей, сендер де бір-біріңді сүйіңдер! Сондықтан бастапқыдан естіген шынайы ілімді ұстаныңдар! Егер осылай істесеңдер, онда Ұлмен және Әкемен тығыз байланыста өмір сүресіңдер. Сүйікті бауырларым, қазір Құдайдың рухани балаларымыз, ал келешекте кім болатынымыз әлі анық емес. Алайда Мәсіх қайтып келгенде Оған ұқсайтынымызды білеміз. Себебі сол кезде Оның шынымен қандай екенін көретін боламыз. Сендер бастапқыда естіген хабар мынау: бір-бірімізді сүюіміз керек! Сондықтан, бәйбіше, мынаны өтінемін: бәріміз бір-бірімізді жақсы көрейік. Мұны жаңа өсиет ретінде жазып отырған жоқпын, бұл өсиет бізде бастапқыдан бар. Ал осы сүйіспеншілік Оның өсиеттері бойынша жүруімізде. «Сүйіспеншілікке сай әрекет ету керек» деген бұл өсиетті бастапқыдан бері естіп келесіңдер.
Выбор основного перевода