Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5
Параллельные места
Әуел баста Сөз болатын, Сөз Құдайда болатын, Сөз Құдай еді. Сөз әуелден-ақ Құдайда болатын. Әуел баста Ол бар болатын. Біз Оны естіп, көзімізбен көріп, Оған анықтап қарап, қол тигіздік. Ол — шынайы өмір сыйлайтын «Сөз». Сендерге Сол туралы айтып береміз, Сонда Иса оларға былай деп жауап берді:— Әзәзіл шайтанның найзағайша көктен құлап түскенін көрдім. Естеріңде болсын: Мен сендерге жыландар мен шаяндарды таптап басып, жаудың барлық күшін жеңетін билік бердім. Енді сендерге еш нәрсе де зиянын тигізе алмайды. Әке болғандар, өздеріңе осыны жаздым, себебі сендер әуел баста бар болған Мәсіхті білесіңдер.Жастар, өздеріңе осыны жаздым, өйткені сендер күштісіңдер, әрі Құдайдың сөзі жан дүниелеріңнен орын алып, әзәзілді жеңіп шықтыңдар.
Выбор основного перевода