Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14
Параллельные места
Барлық таразыларың, кір тастарың және көлем өлшейтін ыдыстарың дұрыс болу керек. Мен сендерді Мысырдан алып шыққан Құдайларың Жаратқан Иемін. Ефа мен баттың көлемі бірдей болсын. Бат та, ефа да хомердің оннан бір бөлігіне тең болсын. Сөйтіп хомер осы екі өлшемнің де үлгісі болмақ. Сендер іштей былай дейсіңдер: «Айдың алғашқы күні қашан өтер екен? Сонда бидай сатамыз. Демалыс күні қашан бітер екен? Сонда астықты базарға шығарамыз! Бидай өлшеп салатын ыдысымызды кішірек, күміс өлшейтін кір тастарымызды ауырырақ қылып, таразыдан да жейміз. Таразысы алдамшы, әрі дорбасын жалған өлшеуіш тастарға толтырып алған кісіні Мен қалайша ақтаймын?
Выбор основного перевода