Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14
Параллельные места
Бабылдан тездетіп көшіп шығып, халдейлердің езгісінен құтылыңдар! Мына хабарды қуанышты үнмен жер шетіне дейін жариялаңдар: «Жаратқан Ие өз қызметшісін, Жақыптың үрім-бұтағын, азат етті!» Кәне, жүріңдер, шығыңдар Бабылдан! Күнә атаулыға жоламай, сол жерден шығыңдар! Жаратқан Иенің (киелі үйінің) бұйымдарын көтеріп алып жүретіндер, өздеріңді Оған бағыштап, тазару рәсімінен өтіңдер! Сонда Жаратқан Ие маған былай деді:— Дәл сол сияқты апат осы елдің күллі тұрғындарына солтүстіктен шүйілетін болады! Сонда сендегі әкелер өз балаларының, ал балалары әкелерінің етін жейтін болады. Осылай Мен саған жазаңды тартқызамын. Содан тірі қалған адамдарыңның бәрін дүниенің шартарабына шашыратып жіберемін. Оның тым-тырақай қашқан жасақтары семсерден қаза тауып, тірі қалғандары шартарапқа шашылып кетеді. Сонда сендер бұны айтқан Менің Жаратқан Ие екенімді білетін боласыңдар». Көктен былай деген басқа бір дауысты да естідім:«Одан шық, халқым Менің, одан шық! Әйтпесе оның күнәларына араласып, басына түсетін пәлелерін де бөлісесің.
Выбор основного перевода