Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14
Параллельные места
Жаратқан Ие Жақыптың үрім-бұтағына аяушылық танытып, Исраил халқын тағы да Өзінікі қылып таңдап алып, оларды өз елінде қайтадан орналастырады. Жат жұрттықтар да мұнда келіп, Жақыптың үрім-бұтағына қосылмақ. Жаратқан Ие сенің үкіміңнің күшін жойып, жауыңды кері қайтарды. Исраилдің Патшасы Жаратқан Ие араңда тұр, Ол саған жар! Енді қайтып пәледен қорықпайсың. Сондықтан Жаратқан Ие мынаны айтады: — Мен Иерусалимге мейірімімді төгу үшін қайтып келе жатырмын. Осы қалада Менің киелі үйім қайтадан салынып, құрылысшылар өлшеуіш жіптерін тартатын болады». — Әлемнің Иесі осыны уәде етеді. Оларды Иерусалимде тұруға бастап әкелемін. Олар Менің халқым, Мен олардың Құдайы болып адалдық пен әділдік танытамын». Сол күні олардың Құдайы Жаратқан Ие Өзінің бағып жүрген отары іспетті меншікті халқын құтқарып алады. Олар Оның жерінде тәждің асыл тастары сияқтанып жалт-жұлт етіп тұрады. Мен халқымды өз құдіретіммен күшейтемін! Олар Менің атыммен жүретін болады», — деп нық айтады Жаратқан Ие. Мен осы үштен бір бөлікті отқа салып, күмісті балқытып тазалағандай тазартамын, әрі алтынды отта сынағандай сынаймын. Олар Менің атымды атап Маған дұға етеді. Сонда оларға жауап беремін. Мен: «Бұл — Менің халқым», — деп, олар: «Жаратқан Ие — біздің Құдайымыз», — дейтін болады.
Выбор основного перевода