Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Көпшілікке еріп те зұлымдық жасама! Даулы мәселеге куәлік келтіргенде көпшіліктің ықпалымен шындықты бұрмалама! Пара алма! Себебі пара көрегеннің көзін соқыр қылады, әрі әділдің сөзін бұрмалайды. Сотта әділдікті бұрмалама! Не кедейге орынсыз жеңілдік жасамай, не байға орынсыз құрмет көрсетпей, адамдарды соттағанда әділ бол! Үкім шығарғанда ешкімнің бет-жүзіне қарамай, үлкенді-кішілі бәріне бірдей құлақ түріп, сот жүргізіңдер! Ешкімнен қаймықпаңдар, себебі үкім шығаруды сендерге Құдайдың Өзі бұйырған. Егер сендерге бір мәселе тым қиын болса, оны менің алдыма әкеліңдер, сонда оған назар аударамын». Жат жұрттықты да, жетімді де құқықтарынан айырма! Қарыздар жесірдің киім-кешегін кепілдікке алма! «Жат жұрттықтың, жетім-жесірдің ақысын жегенді қарғыс атады!» Соған бүкіл халық: «Аумин!» деңдер. Өйткені сендердің бас көтеріп, Маған қарсы шыққан жайттарыңның қаншалықты көп әрі күнәларыңның қандай ауыр екенін білемін: сендер пара алып, әділ жанға қысым жасайсыңдар және сотта бейшараны жолдан былай итермелеп, құқығынан айырасыңдар.
Выбор основного перевода