Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4
Параллельные места
Егер ұлттастарыңның бірі кедейленіп, өз жерінің бір бөлігін сатып жіберсе, сол кісінің ең жақын туысқаны сатылған жерді қайта сатып алуы керек. «Қазір саған ағаң Шаллумның ұлы Ханамил келіп, мынадай өтініш жасамақ: Сіз менің қамқоршы бола алатын ең жақын туысқанымсыз. Сондықтан менің Анатоттағы егістігімді сатып алып, әулетіміздің одан айырылып қалуын болдыра көрмеңіз». Мұнан кейін дәл Жаратқан Ие маған білдіргендей менің немере інім Ханамил қарауылдар ауласына келіп, маған: «Бунямин жеріндегі Анатоттың маңындағы егістігімді сатып алыңыз. Оны қамқоршы ретінде сатып алып, иемденіп алуға құқығыңыз бар ғой!» — деді. Бұдан мен естіген хабарымның Жаратқан Иеден екенін шүбәсіз білдім.
Выбор основного перевода