Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4
Параллельные места
ағасы, ағасының баласы немесе кез келген жақын туысқаны оның құнын төлеп азат етуге құқықты. Не болмаса, егер жағдайы түзелсе, бұл исраилдіктің өзі де құнын төлеп азат бола алады. Жолшыбай Нағима келіндеріне:— Ал енді, сендер әке-шешелеріңнің үйлеріне қайтыңдар. Менің өзіме, марқұм ұлдарыма адал да мейірімді болып келдіңдер. Лайым сендерге сол үшін Жаратқан Ие рақымын түсіре көрсін! — Өй, сен кімсің? — деп сұрады.— Мен Рутпын ғой, мырза. Мені қанатыңыздың астына ала көріңіз, әмеңгерім бола алатын қайнағам емессіз бе? — деп жауап берді ол. Сонда Боғоз былай деді:— Қалқам, Жаратқан Ие сені жарылқасын! Мына игі ісің бүгінге дейін енеңе жасап келген жақсылығыңнан да асып түсті! Сенің бай болсын, кедей болсын жас жігіттердің артынан жүгірмегенің жөн болды. Бұған туысы:— Олай болса, жерді сатып ала алмаймын. Бұл өзімнің мұралық үлесіме нұқсан келтірмек. Одан да сенің қамқоршы болып, жерді сатып алғаның жөн. Ал менің қолымнан келмейді, — деп жауап берді. Нағима нәрестені қолына алып, бауырына басып, бағып-қақты. Шынайы дос әрдайым жақсы көрер,Қиыншылықта бауырыңдай көмектесер.
Выбор основного перевода