Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Жұрт: «Құдай құтқармайды сол кісіні»Деп қатты күйзелтеді жан дүниемді. Уа, Құдайым, Саған дұға етемін,Себебі Сен маған жауап бересің,Қазір де құлақ түрші сөзіме менің, Қатты қиналып Жаратқанға сиындым,Жәрдем сұрап Құдайыма жалындым.Киелі орнынан Ол құлақ салды,Жалынышым Оның алдына барды. Мүшкіл кезімде олар маған бас салды,Жаратқан Ие бірақ тірегім болды, Осындай жанды Жаратқан Ие жарылқайды,Құтқарушы Құдай оны рақыммен ақтайды. Рақыммен салсаңшы маған назарыңды,Жападан-жалғызбын, рухым жабырқаңқы. Өйткені Жаратқан Ие Яһуда патшасының сарайы туралы мынаны айтады: Осы сарай Маған орманды Ғилақад аймағындай, самырсын қаптаған Ливан тауының бастарындай көрінсе де, Мен оны иен далаға, ешкім тұрмайтын бос қалаларға айналдырамын.
Выбор основного перевода