Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
(Дәуіттің жыры.)Уа, Жаратқан, Сенің тұрағыңда кім тұра алады,Киелі тауыңда кімнің тұруына болады? Сондай адам мінсіз жүріп әділдік істейді,Шын жүректен ақиқатты ғана сөйлейді, Ешкімді уытты тілмен өсектемейді,Жолдасына ешбір зұлымдық істемейді,Жақынының арына дақ түсірмейді. Арамза адамдарды ол еш жақтырмайды,Ал Иемізді қастерлейтінді ардақтайды,Өзіне қиын болса да, сөзін орындайды, Мұқтажға қарыз бергенде өсімін алмайды,Пара алып жазықсыз жанды қараламайды.Мұны істеуші нық тұрып мәңгі шайқалмайды. «Киелі тауым Сионда Мен ӨзімОсы патшамды тағайындаған едім!» Қандай бақытты — Өзің таңдағандар,Қасыңда, аулаларыңда тұрады олар,Сонда кенелеміз үйіңнің жақсылығына,Киелі ғибадатханаңның рақатына. Тек әділ жолмен жүріп, шындықты айтатындар, зорлықпен пайда табудан бас тартып, пара алуға қол созбайтындар, әрі қан төгуді көздегендерге құлақ аспай, басқа да жауыз істерге қызықпайтындар ғана аман қала алады.
Выбор основного перевода