Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Қастерлеңдер Иені, Оның қасиеттілері!Жоқшылық қинамайды Оны қастерлейтіндерді. Арыстандар азыққа зәру жүре алады,Ал Иеге сенгендер бар игілікке тояды. Уа, Исраилдің Бағушысы, құлақ түрші,Бейне қой отарындай жетелейсің Жүсіпті.Уа, керубтер арасында «тақта» Отырушы,Өзіңнің нұрлы салтанатыңды жайнатшы. Тәңір Ие оларды ізгі шопандай бағады: «қозыларын» қолына алып, кеудесіне басып көтеріп, «саулықтарын» жайлап алға бастап жүреді. Оларға қамқорлық ететін «бақташыларды» тағайындаймын. Бұдан былай «отарым» еш нәрседен қорқып, зәрелері ұшпайды да, бірде-біреуі жоғалмайды да». — Жаратқан Ие осыған уәде береді. Сонымен Жаратушы Тәңір Ие тағы мынаны айтады: «Біліп қойыңдар, енді Мен Өзім қойларымды іздеп, тауып алып, бағамын. Қойшы қамқорлығындағы жайылып, бытырап кеткен қойларына назарын аударып, оларды іздеп, тауып алатынындай, Мен де «қойларымды» іздеп, табамын. Иә, бұлтты да қараңғы күні халқым бытырап кеткен жан-жақтағы барлық жерлерден Мен оны құтқарып аламын. Және олардың үстінен бір бақташыны, өз қызметшім Дәуітті, тағайындаймын. Ол солардың жайып, қамқорлайтын бағушысы болады. Мен «ізгі Бағушымын»: ізгі Бағушы қойлары үшін жанын қияды. Ал бағушы емес жалданған адам қойлар өзінікі болмағандықтан, қасқырды көрсе, отарын тастай қашады. Қасқыр қойға шауып, оларды жан-жаққа бытыратып жібереді. Ал Иса Мәсіхпен жүрген сендердің барлық қажеттеріңді де менің Құдайым Өзінің керемет байлығы бойынша қамтамасыз ететін болады. Татулық пен тыныштық орнатқан Құдай біздің Иеміз Исаны өлімнен тірілтіп алды. Иеміз өз қанын төгіп құрбан болуымен мәңгілік Жаңа Келісімді бекіткендіктен, сенушілер қауымының Ұлы Бағушысы болды. Өз бетімен жүріп, адасып кеткен қой сияқты едіңдер, ал қазір өздеріңді бағып жетелеп, жандарыңды қорғап жүретін «Бағушыларыңа» қайта оралдыңдар. Осылай істесеңдер, «Бас Бағушымыз» (Мәсіх) қайтып келіп, анық көрінгенде, ешқашан солмайтын «салтанат тәжін» жүлде ретінде Оның қолынан аласыңдар.
Выбор основного перевода