Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Патшаның ғұмыр жасын ұзарта гөр,Ұрпақтан ұрпаққа жалғастыра гөр, Ғұмырын ұзақ қылып риза етемін,Құтқаруымды оған сыйлап беремін». Сондай-ақ, ынтымақ арамыздағы —Хермон тауына түсетін шық тәрізді.Бұл шық Сион тауына да түседі,Жердің бәрін құнартып, көгертеді.Сонда Иеміз өз жарылқауы — шын өмірдіМәңгі бақи сыйлауға ұйғарған еді. Оның моласы қылмыскерлер қорымында белгіленгенмен, мәйіті бай адамның қабіріне қойылды. Өйткені Ол ешқандай күнә жасаған да емес, аузынан бірде-бір өтірік шыққан да емес. Алайда Жаратқан Иенің Қызметшісі Оның еркімен азап шегіп құртылды. Ол өз жанын айыпты өтейтін құрбандық еткен соң, өз үрім-бұтағын көріп, ғұмыры ұзақ болады. Қызметшісінің арқасында Жаратқан Иенің еркі жүзеге асады.
Выбор основного перевода