Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Мен онымен жұмбақтап емес, бетпе-бет, анық тілдесемін. Мұса Менің — Жаратқан Иенің бейнесін көреді. Өз қызметшім Мұсаға қарсы сөйлеуден сендер қалайша қорықпадыңдар?» Денемнің күллі терісі шіріп, құрып кетсе де, соңында мен денемде Құдайды көретін боламын! Оны мен өзім көремін! Оны көретін басқаның емес, менің өз көздерім болады. Сол үшін де жүрегім кеудемде қатты толқып тұр! «Кім бізге жақсылық жасар?» деп сұрап,Күдік келтіреді көптеген кісілер.Уа, Жаратқан, жылы шыраймен қарап,Бет-жүзіңнің нұрын бізге төге гөр. Молайса нан менен жүзім шырыны,Саған сенбейтіндер масаттанады.Менің жүрегімді Өзің шаттандырдың,Соншама зор қуанышқа толтырдың. Иеміз әділ, Ол әділдікті сүйеді,Шыншыл жандар Оның бет-жүзін көреді. Шын өмір жолын маған көрсетесің,Көз алдыңда қуанышқа бөлейсің,Оң жағыңда мәңгі игілік бересің. Жүректері пәк тазалар бақытты:олар Құдайды көретін болады! Сүйікті бауырларым, қазір Құдайдың рухани балаларымыз, ал келешекте кім болатынымыз әлі анық емес. Алайда Мәсіх қайтып келгенде Оған ұқсайтынымызды білеміз. Себебі сол кезде Оның шынымен қандай екенін көретін боламыз. Себебі егер жүрегіміз бізді айыптаса да, Құдай жүрегімізден жоғары ғой, Ол бәрін де біледі. Алайда жетілгендік келген кездеШектеулінің барлығы да бітеді.
Выбор основного перевода