Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Дәуіт пайғамбар Ол туралы былай деген:«Ықылас-ниетім әрдайым Иемде,Оң жағымда Ол Маған жар боп келеді:Жағдайым шайқалмайды ешбір кезде. Содан жүрегім шаттыққа толады,Мәз-мейрам боп тілімнен бал тамады,Саған сенгенімнен тәнім тыншиды. Сен жанымды о дүниеге қимайсың,Қасиетті Адамыңның тәнін шірітпейсің. Шын өмір жолын Маған көрсетесің,Көз алдыңда қуанышқа бөлейсің». О, Құдайым, дұғама құлақ сала гөр,Аузымнан шыққан сөздерге көңіл бөле гөр! Ол ғана — паналайтын жартасым,Құтқарушым әрі заңғар қорғаным,Енді қайтып қатты шайқалмаймын. Алайда қасыңда боламын әрқашан,Сен мені ұстап қолдайсың оң қолымнан, Жаратқан бейшара жанды қолдап-қорғайды,Айыптаушылардан аман-есен сақтайды.
Выбор основного перевода