Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Бұл тек қолы мен жүрегі таза жанға болады,Жат тәңірге табынбай, жалған айтпайтынға болады. Сен жүректің таза болуын қалайсың,Жан дүниеме даналық та құясың. Себебі Құдай Ие күн мен қалқанға ұқсайды,Жаратқан Ием рақым мен ұлылық сыйлайды,Ол тура жолменен жүретін адамдардыСыйлайтын игіліктерінен құр қалдырмайды. Әділдікті ұстанғандар жарылқанар,Ұдайы олар әділ істер жасар. «Міне, мынаны істегендерің жөн: бір-біріңе шындықты айтыңдар, сот орындарыңда әділ әрі ынтымаққа жетелейтін үкім шығарыңдар! Біреуге қарсы зұлымдық ойластырмаңдар, жалған ант беруге салынбаңдар! Мен осылардың бәрін жек көремін!» — деп ескертеді Жаратқан Ие. Сондықтан өтірікті тастап, әрқайсың басқаларға шындықты айтыңдар! Бәріміз біріккен бір рухани дененің мүшелеріміз ғой.
Выбор основного перевода