Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Қаналғандарға Жаратқан пана болады,Қиын жағдайда зәулім қорған боп тұрады, Ал мен жарлымын, мұқтаждықта жүрмін,Уа, Ием, Сен жағдайымды ойлайсың.Қолдаушым да құтқарушым Өзіңсің,Кешіге көрмеші, о, Құдайым менің. Құдай — біздің панамыз да күшіміз,Қиын кезде сенімді көмекшіміз. Себебі бас сауғалар панам болып келесің,Жаудан қорғайтын берік бекінісім Өзіңсің. Мен Жаратқан Иеге былай дейтін болам:Бас сауғалайтын панам әрі қорғаным,Сенімімді Саған артам, уа, Құдайым! Саған былай деп дауыстап сиынамын:«Уа, Жаратқан Ие, Сен менің баспанамсың,Бұ дүниеде маған жар тек Өзіңсің.
Выбор основного перевода