Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Қолыңнан келіп тұрғанда мұқтаждарғаЖақсылық көрсет, соған лайық жандарға. Көршіңе қажет нәрсе сенде бар болғанда:«Ертең кел, сонда берермін» деп оны қайтарма. Себебі басқаларға қандай үкім айтсаңдар, өздеріңе де сондай үкім шығарылады. Сендер өзгелерге қолданған өлшем өздерің үшін де қолданылмақ. Бірақ ол күткісі келмей, әлгіні қарызын төлегенше түрмеге жапқызады. Мұны көрген өзге жолдастары қатты наразыланып, патшаға барып, болған оқиғаны айтып береді. Сонда патша сол қызметкерін шақырып алып: «Әй, зұлым қызметші! Сен өтінгендіктен, мен қарызыңды түгелдей кешірдім ғой! Ендеше сен де дәл солай жолдасыңды кешіруге тиіс емес пе едің?!» дейді. Патша қаһарланып, оны қарызын толық өтегенше жазалаушыларға тапсырады. Ал егер осы дүниелік мал-мүлкі бар біреу басына қиыншылық түскен бауырына тасжүректік танытса, оның бойында Құдайдың сүйіспеншілігі бар ма?! Мейірім көрсетпеген адамға сот та мейірімсіз болмақ. Мейірім соттаудан үстем!
Выбор основного перевода