Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Жақыптың құмдай көп ұрпағын кім есептер?Исраилдің төрттен бірінің өзін санап көр!Көз жұмған кезімде сол әділдердей өлейін,Бұлардай ақ өліммен дүниеден өтейін! Құдай мені өлтірмек болса да, Оған үмітімді артамын. Қайткенде де іс-әрекеттерімді Оның алдында қорғайтын боламын. Қап-қараңғы шатқалда жүрсем де мен,Қорықпаймын ешбір қауіп-қатерден,Себебі Өзің менің қасымдасың,Жігер береді сойылың мен таяғың. Сен зұлымдарды тайғақ жолға түсіресің,Биіктен құлатып, жойып жібересің. Жүрегімізде өлімге кесілгендей сезіндік. Бұл жайт біздің өзімізге емес, Құдайға ғана сүйене алуымыз үшін де осылай болды. Ол өлгендерді тірілте алады ғой. Иеміз мені болашақта да жамандық атаулыдан сақтап, Өзінің көктегі Патшалығына апармақ. Оның ұлылығы мәңгі мадақтала берсін! Аумин.
Выбор основного перевода