Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Плач Иеремии
1 2 3 4 5
Параллельные места
Сол кезде Ешуа Исраилдің күллі ер адамдарын жинап алып, өзімен бірге аттанған қолбасшыларға: «Бері келіңдер, аяқтарыңды мына патшалардың мойындарына қойыңдар!» — деп бұйырды. Қолбасшылар жақындап келді де, аяқтарын солардың мойындарына қойды. Енді міне, біз бүгін құл күйдеміз. Сен ата-бабаларымызға игілігін көріп, өнімін жеуге табыстаған еліңде біз құл болып жүрміз! Біздің күнәларымызға бола Сен үстімізден тағайындаған (жат жұрттық) патшалар осы елдің мол өнімін иемденуде. Олар соған ғана емес, біздің өзіміз бен малымызға да өз қалауларына сай билік жүргізуде. Содан біз қатты қиналудамыз». Әлемнің Иесі, Исраилдің Құдайы, тағы мынаны айтады: Мен барлық осы халықтардың мойнына темір мойынтұрық кигізіп, оларды Бабыл патшасы Набуходоносорға басыбайлы қызмет етуге мәжбүрледім. Содан олар оған сөзсіз қызмет ететін болады! Мен тіпті даланың жабайы аңдарын да оған бағынышты етемін.
Плач Иеремии
1 2 3 4 5
Выбор основного перевода