Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сонда бұл патшалар барлық сарбаздарын әрі көптеген аттары мен соғыс күймелерін ертіп шайқасқа аттанды. Олардың жасақтары жиналғанда саны теңіз жағалауындағы құм қиыршықтарындай шексіз көп болды. Оған жердің түкпір-түкпірлеріне жетіп, қараңғыда істелінген зұлымдықтарды жер бетінен аластатып тастауға әмір еттің бе? Басқа халықтарға арнап туын көтергендей белгі беріп, Солтүстік Исраил мен Яһуда патшалықтарының жер аударылып, шашыраған халқын дүниенің төрт бұрышынан жинап, қайтарып әкелмек. «Ей, пендем, Мен, Жаратушы Тәңір Ие, Исраил еліне мынаны айтамын: Елдің ақыры жетті! Жердің төрт шеті де, барлық шартарабы да құриды! «Пендем, бет-жүзіңді Магог еліндегі Гогқа, Мешех пен Тұбалдың бас әміршісіне, қарай бұр. Оған қарсы хабарымды жеткізіп Алайда сен қалың әскеріңмен әрі өзіңе ерген көптеген халықтармен оларға дауылдай шүйіліп, жердің бетін бұлттай басатын боласыңдар.
Выбор основного перевода