Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Біріншісінің сырт көрінісі арыстанға ұқсады, бірақ оның бүркіттің қанатындай қанаттары болды. Мен қарап тұрғанда қанаттары жұлынып тасталды. Айуан жерден көтеріліп, адам сияқты артқы екі аяғымен тұрғызылды. Бұған қоса оған адамдікіндей ақыл-сана да берілді. Тағы қарағанымда екінші айуанның көрінісінің аюға ұқсайтынын байқадым. Ол бір жағымен көтеріле бастаған еді. Аузында тістеген үш қабырға бар екен. Осы айуанға: «Орныңнан тұр да, бас салып, етті молынан жалмай бер!» — делінді. Содан кейін қарасам, қабыланға ұқсаған тағы бір айуан тұрды. Оның арқасында құстікі сияқты төрт қанаты бар екен, әрі төрт басы да болды. Осы айуанға билік жүргізу тапсырылды. Сондықтан Мен оларға арыстан сияқты тап беріп, қабылан сияқты жүрер жолын аңдып, шабуыл жасаймын. Оларға қонжықтарынан айырылған ұрғашы аюдай бас саламын да, кеуделерін жарып тастаймын. Оларды арыстандай жалмап, жыртқыш аңдай жыртамын. Мен сенің (істеріңді және) «шайтанның тағы» орналасқан жерде тұратыныңды білемін. Бірақ Менің атымды ұстанып келесің. Адал хабаршым Антипас сенің қасыңда, яғни әзәзіл шайтанның тұрағында, өлтіріліп шейіт болған кезде де Маған деген сеніміңнен бас тартпадың.
Выбор основного перевода