Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Откровение
Параллельные места
Сол кеңістіктің жоғарғы жағында саф көк асыл тастан жасалған таққа ұқсас бір нәрсе тұрды, ал оның үстінде сырт кейпі адамға ұқсас Біреу отырды. Мен бір көріністі көрдім, онда адамға ұқсаған бір тұлға тұр екен. Ол белінен төмен қарай оттай, жоғары қарай жылтыр қоладай жарқырап тұрды. Мен сол түні көріп жатқан көріністерде кенеттен адам баласына ұқсайтын Біреудің аспандағы бұлттармен келе жатқанын байқадым. Ол мәңгі жасап келе жатқан Тәңір Тағалаға жақындап келіп, Оның алдына әкелінді. Басымды көтеріп қарсы алдыма көз салсам, ақ бәтестен киім киген, белін саф алтын белбеумен буған біреуді көрдім. Содан соң қарасам, бір нұрлы бұлтты көрдім. Бұлттың үстінде адам баласына ұқсайтын Біреу отырды. Ол басына алтын тәж киіп, қолына өткір орақ ұстапты. Жарқыраған аппақ бәтестен киім киіп, кеуделеріне алтын аспа бау таққан жеті періште киелі үйден шықты. Жеті пәленің билігі соларда еді.
Откровение
Выбор основного перевода