Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Он екі шәкіртіне нұсқау беріп болғаннан кейін, Иса сол жерден кетіп, халыққа тәлім беріп, уағыз айту үшін Ғалилея қалаларын аралады. Иса осы астарлы әңгімелерді айтып болғаннан кейін сол жерден кетіп қалды. Иса осы айтқандарын тамамдаған соң, Ғалилеядан шығып, Яһудея аймағына әрі Иордан өзенінің шығыс бетіне барды. Иса осы сөздерін тамамдады да, шәкірттеріне: Олар Оның тәліміне таңданып, қатты қайран қалды. Себебі Иса оларға дін мұғалімдері сияқты емес, Құдайдан келген ерекше билікпен тағылым берді. Демалыс күні Иса мәжілісханада тәлім бере бастады. Тыңдап отырғандардың көбі қатты таңданып, өзара былай десті: «Мұның бәрі Бұған қайдан біткен? Оған қонған не қылған даналық? Осындай құдіретті істер қалайша қолынан келеді? Иса Өзін тыңдап тұрған халыққа барлық сөзін айтып бітіргеннен кейін Қапарнаум қаласына кірді. Иса Құдайдан келген ерекше билікпен сөйлегендіктен, жұрт Оның тәліміне қатты қайран қалды. Сақшылар:— Бірде-бір адам Ол сияқты сөйлеген емес! — деді.
Выбор основного перевода