Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Содан соң Дәуіт патша: «Діни қызметкер Садықты, Натан пайғамбарды, Еходай ұлы Бенаяхты қасыма шақырыңдар!» — деп әмір етті. Олар патшаның алдына келген соң, ол былай деп бұйырды:— Патша нөкерлерін ертіп алыңдар! Ұлым Сүлейменді өзімнің қашырыма мінгізіп, Гихон бұлақ көзіне ылдилап алып барыңдар. Сол жерде діни қызметкер Садық пен Натан пайғамбар екеуің оны май жағу рәсімінен өткізіп Исраилдің патшасы етіп тағайындаңдар! Мұнан кейін кернейлеріңді тартып, «Сүлеймен патша жасасын!» деп дауыстап жар салыңдар! Содан оған еріп өрлеп қайтып келіңдер. Ол сарайыма кіріп, менің тағыма отырып, өзімнің орныма патшалық құратын болсын. Мен оған Исраил мен Яһуданың үстінен басшы болуды өсиеттедім. — Сонда Еходай ұлы Бенаях патшаға:— Аумин. Патша иемнің Құдайы Жаратқан Иенің дегені болсын! Жаратқан Ие патша иеме жар болғандай, Ол Сүлейменге де жар бола берсін! Оның тағын патша ием Дәуіттің тағынан да жоғары қыла көрсін! — деп жауап берді. Содан соң діни қызметкер Садық, Натан пайғамбар, Еходай ұлы Бенаях және кереттік, пелеттік ұлан бөлімдері Сүлейменді патшаның қашырына мінгізіп, Гихон бұлақ көзіне ылдилап ертіп алып барды. Діни қызметкер Садық киелі шатырдан зәйтүн майына толған мүйіз құтыны алып келіп, Сүлейменге май жағу рәсімін жасап, оны патша етіп тағайындады. Кернейшілер керней тартып, сол жердегі күллі халық: «Сүлеймен патша жасасын!» — деп жар салды. Содан соң бүкіл халық оның соңынан еріп қалаға қайтып өрлеп бара жатты. Олар сыбызғы тартып, зор қуанышпен шаттанып, дауыстарынан жер сілкінгендей болды. Иса халыққа тағы басқа бір астарлы әңгімені айтып берді: «Құдай Патшалығының орнауы мынаған ұқсайды. Бір адам егіндігіне жақсы тұқым себеді. Қалыңдығы бар кісі — күйеу жігіт қой. Оны күтіп тұрған досы даусын естіп, қуанады. Қазір менің қуанышым қойныма сыймай тұр.
Выбор основного перевода