Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16
Параллельные места
Бұдан кейін Иса қалалар мен ауылдарды аралап, халыққа уағыз айтып Құдайдың Патшалығы туралы Ізгі хабарды жеткізді. Оған он екі елшісі және көптеген әйелдер еріп жүрді. Әйелдердің бірнешеуін Иса қинаған жындарынан арылтып, ауруларынан сауықтырған болатын. Олар — жеті жынынан арылған мағдалалық Мәриям, Иродтың сарай басқарушысы Қузаның әйелі Жоханна, Сузанна және көптеген басқалары. Олар қолдарындағы барымен Исаға және Оның шәкірттеріне қызмет көрсетті. Дос-жарандарым жарамнан қашқақтап,Жақын туыстарым да тұр алшақтап. Сенбі күні өткеннен кейін мағдалалық Мәриям, Жақыптың шешесі Мәриям және Салома Исаның сүйегіне май жағу салтын орындай алу үшін иісмайлар сатып алды. Иса шегеленген айқыштың қасында Оның шешесі, нағашы әпкесі, Клеопаның әйелі Мәриям және мағдалалық Мәриям тұр еді.
Выбор основного перевода