Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16
Параллельные места
Сол жердегі парызшылдар Исаның қасына келіп, Онымен айтыспақшы болды. Оның билігін сынау үшін көктің құдіретімен бір кереметті көрсетуін талап етті. Сол кезде Таурат заңын үйретуші бір ғұлама Исаның ұстанған ілімін сынамақшы болды. Ол орнынан тұрып:— Ұстаз, мәңгілік өмірге жетуім үшін не істеуім керек? — деп сұрағанда, Иса оған:— Таурат заңында не деп жазылған, не оқып жүрсің? — деген сауал қойды. Сол адам былай деп жауап берді:— «Құдай Иеңді шын жүректен, бүкіл жан дүниеңмен, бар күш-қуатыңмен, барлық ақыл-ойыңмен сүй!» Және «Өзіңді қалай сүйсең, маңайыңдағы адамды да солай сүй!» делінген. Иса оған:— Дұрыс жауап бердің. Осылай істейтін бол, сонда (мәңгі) өмір сүресің, — деді. Кейбір дін мұғалімдері бұған:— Ұстаз, Сіз тауып айттыңыз! — деді.
Выбор основного перевода