Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Қолынан патша таяғын еш тартып алмайды,Билік белгісі Яһуда әулетінде орнайды,Бейбітшілік Әкелуші келеді ақырында,Халықтар Оған мойынсұнып бағынады да! Сонда мен былай дедім: «Міне, келе жатырмын,Шиыршық кітапта мен туралы жазылған: Жаратқанның атынан келе жатқан жарылқанған,Оның киелі үйінен бата береміз соған. Жүрексінген адамдарыңа былай деңдер: «Қорықпай, берік болыңдар! Біліп қойыңдар, сендер сиынатын Құдай жауларыңды өздері жасаған қылмыстары үшін жазалауға келеді. Иә, Құдай сендерді құтқаруға келе жатыр!» Сендердің әділетсіз істеріңді тоқтатып, күнә жасауларыңды қойдырып, өздеріңді зұлымдықтың арамдығынан тазарту үшін, әрі мәңгілік әділдікті әкеліп, аяндар мен пайғамбарлық сөздерді бекітіп, киелі үйдегі ең қасиетті бөлімді қайтадан Құдайға бағыштау үшін сенің халқыңа және Құдайға бағышталған Иерусалим қаласына жетпіс рет «жеті кезең» белгіленген. Алпыс екі рет «жеті кезең» өткен соң Құдай тағайындаған Билеуші құрбан етіледі, Оның қолында түк жоқ болып қалады. Өзге бір билеуші әскерлерімен келіп, қаланы да, киелі үйді де қиратып, топан судай талқандайтын болады. Сол заманның соңына дейін соғыс болып, Құдайдың бұйрығына сай барлығы қаңырап бос қалады. «Біліп алыңдар, Мен алдымнан хабаршымды жіберемін, ол жүретін жолымды дайындап қояды. Сендер іздеп жүрген Жасаған Ие кенеттен Өзінің ғибадатханасына келеді. Сендер аңсап жүрген Келісімнің Хабаршысы еш шүбәсіз келетін болады», — деп ескертеді Әлемнің Иесі. Адамдар Иса жасаған осы кереметті көргенде:— Дүниеге келуге тиіс Пайғамбар — шынымен Осы! — десті. Жоханнан Азия аймағындағы жеті қауымға дұғай сәлем: әрдайым бар, мәңгі болып келген және болашақта келетін (Құдай Ие), Оның тағының алдындағы жеті Рухы Бүкіл әлемнің Билеушісі — әрдайым бар, мәңгі болып келген және болашақта келетін Құдай Ие: «Алғашқы да, Соңғы да Менмін!» — дейді. Әрбіреуінің алты қанаты болатын, қанаттардың тұла бойлары да толған көздер еді. Олар күні-түні тоқтамастан: «Бүкіл әлемнің Билеушісі — әрдайым болып келген, мәңгі бар және болашақта келетін Құдай Ие қасиетті, қастерлі, киелі!» — деп сиынумен болды.
Выбор основного перевода