Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Паш етейін Жаратқанның жарлығын:«Рухани ұлымсың, — деді Ол маған.— (Өзіңді патшалыққа тағайындап)Мен бүгінгі күні Әке болдым саған. «Міне, Менің қолдап жүрген Қызметшім,Жаным рақат табатын таңдаулым!Оған қондырдым Өзімнің Рухымды,Ол халықтарға жеткізбек әділ үкімді. Ол әлі де сөйлеп тұрған кезде-ақ кенеттен бір нұрлы бұлт оларға көлеңкесін түсіріп, бұлт ішінен: «Бұл — Менің сүйікті рухани Ұлым, Оған ризамын. Оны тыңдаңдар!» — деген дауыс шықты. Сонда бір бұлт пайда болып, оларға көлеңкесін түсірді. Бұлт ішінен: «Бұл — Менің сүйікті (рухани) Ұлым. Оны тыңдаңдар!» — деген дауыс шықты. Сонда бұлт ішінен: «Бұл — Менің таңдап алған рухани Ұлым. Оны тыңдаңдар!» — деген дауыс шықты. Содан кейін Жақия куәлік етіп:— Мен Киелі Рухтың көгершін бейнесінде көктен түсіп, Исаға қонғанын көрдім. Құдай Өзінің Киелі Рухы мен құдіретін назареттік Исаға дарытты. Ол игі істер жасап, шайтанның құрсауындағы адамдарды азат етіп сауықтырып, ел аралап жүрді, өйткені Құдай Оған жар болды. Сол кезде шексіз ұлылықтың Иесі, Құдай Әке, Мәсіхке арнап: «Бұл — Менің сүйікті Ұлым, Мен Оған ризамын», — деп дауыстап, Оны құрмет пен салтанатты ұлылыққа кенелтті.
Выбор основного перевода